АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ІІ Елизавета ақтөбелік бойжеткеннің хатына жауап қайтарды[:]

[:kz]

 

 

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета ақтөбелік Зарина Ахметжанның хатына жауап қайтарды.

Ағылшын мәдениетіне бала күнінен қызығатын Зарина патшайымға хат жазған. Хатында ол күндердің күнінде Ұлыбританияға барып, Букингем сарайын көргісі келетінін айтқан.

“Бала кезімнен ағылшын тіліне, ағылшын мәдениетіне қатты қызықтым. Сол себепті ІІ Елизаветаға хат жаздым. Бұған бір ай дайындалдым, жазсам ба, жазбасам деп ойландым”, – дейді Зарина.

Бойжеткен патшайымның жауап қайтаратынына сене қоймаған. Бірақ күтпеген жерден патша сарайынан хат келіпті. ІІ Елизавета қыздың жазған хатын құрметтейтінін және оның Тұманды Альбионды көруге мүмкіндігі болатынына сенім білдірген. Патшайым хатқа өзінің кішкентай фотосуретін естелікке салып жіберіпті.

Зарина аса мәртебелі адресаттан келген хатты сақтап қойған, енді Ұлыбританияға оқуға барғалы жүр.

Тағы бір ақтөбелік – Жақсылық Төлегенов те мәртебелі ел билеушілердің біріне хат жазған. Ол Куба командантесі Рауль Кастродан бес жыл бойы жауап күтіп жүр.

Рауль Кастро мен Кубада байланысшы болып жұмыс істеп жүргенде үлгілі қызметім үшін алғысхат жолдаған еді. Кубаға ерекше миссиямен барған болатынмын. 48 жылдан соң Кастроға хат жаздым. Оған денсаулық, ұзақ өмір мен гүлдену тіледім. Ол әзірше жауап қайтарған жоқ, бірақ мен үмітімді үзбеймін”, – дейді Ақтөбе тұрғыны.

baribar.kz

[:]