АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ІІМ елімізде қауіпсіздік шараларын күшейтті [:]

[:kz]

Еліміздегі алдағы мерекелерге байланысты Ішкі істер министрлігі күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

6-12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нысанына ауыстырылды.  Көшелер мен қоғамдық орындарда жасақтардың тығыздығы арттырылды. Бұл ретте мерекелік іс-шаралар өткізілетін және азаматтардың жаппай қыдыратын жерлеріне ерекше назар аударылды. 

«Еліміздің қалаларында «Мәңгілік Даңқ — Бессмертный полк» шеруінің өткізілуіне байланысты полиция қызметкерлері осы іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдатын болады. 

Апатты және кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында ІІМ жол қозғалысына қатысушылардан шеру кезінде өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды», — делінеді хабарламада. 

Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактілері, сондай-ақ өткізіліп жатқан мәдени-бұқаралық іс-шараларды бұзуға, іс-шараға қатысушыларға кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер бойынша полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел ықпал ету шараларын қабылдайтын болады.

Stan.kz 

[:]