АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ІІМ Нұр-Сұлтандағы митингте бір адамның қайтыс болғаны туралы қауесетке жауап берді[:]

[:kz]

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы санкцияланбаған митингте бір ер азаматтың қайтыс болғаны туралы қауесетке жауап берді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

 

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтандағы санкцияланбаған митинг кезінде жасы келген қатысушы есінен танып қалды. Оқиға орнында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек дәрігерлерін шақырып, олар келгенше тиісті алғашқы көмекті көрсетті.

Нәтижесінде, азаматтың жағдайы жақсарып, дәрігерлермен бірге өздігінше оқиға орнынан кетті.»Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстау барысында бір ер азамат көз жұмды деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қызметкерлер азаматтарға қарсы арнайы құралдар қолданған жоқ», — деді ведомствода.

Қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқан адам ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Аталған факті бойынша кінәлі тұлғаларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.

  

[:]