АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Имамдарды сүзгіден өткізіп, діни сауаттарын көтеру керек. [:]

[:kz]

Ауызашарда имам бір сағаттай сөйледі. «Ораза ұстамасаңдар жұмаққа кірмейсіңдер, отқа қақталып күйесіңдер, хор қыздарына ие бола алмайсыңдар (қыз-келіншектерден «хор жігіті жоқ па екен» деген сыбыр естіп қалдым), ораза тұтпағандардың бәрі жын-шайтан…» – деген сияқты мазмұнда, уағыз емес, таза қорқыту болды.

«Заманына қарай адамы» дегендей, имамдар да заманға бейімделсе. Меніңше, заманауи адамдар үшін Исламның ғылыми негіздерін атап отырып, жастардың мазағына қалмай, қыз-келіншектердің жынына тимей түсіндіру керек.

Мысалы, теріс ағымға түсіп кеткендер беттерін бері бұру үшін әңгімелескісі келсе, суицидке дайындалып жүргендер ол ойынан арылу үшін пана іздесе,  депрессиялық жағдайдағылар басқа түскен қиыншылықты қалай жеңуге болатыны туралы кеңес сұраса, имамдар ақыл-кеңес беруге да­йын болуы керек.

 

Көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен кейбір имамдарды сүзгіден өткізіп, діни сауаттарын көтеру  керек. 

 

Ерлан ЖҰРЫНБАЕВ.

ЗАМАНА

 

 

 

 

 

[:]