[:kz]
Әлеуметтік желіде 30 секунд ішінде іш киім киюден жарысқан қыздардың видеосы тарады. Көпшілік арулардың бұл әрекетін құптамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жобада желіде оқырмандары көп Толқын мен Дина есімді бойжеткендер іш киім киюден жарысқа түсіпті.
Олар берілген 30 секунд ішінде үстелде тұрған ерлер мен әйелдердің іш киімдерін киюі қажет болған екен.
Желіде лезде тараған бағдарлама үзіндісі көпшіліктің қаһарына ұшырады.
«Соры қайнағандар», «Иіскегені несі», «Осылай-осылай өзіміз-ақ құримыз. Бізге жаудың қажеті жоқ. Мұнысы несі», «Қыздарда ұят жоқ екен», «Қыздар, не болып барасыңдар?», «Ата-ана тәрбиесін көрмеген», «Ұялмасаң, білгеніңді істе» деген осы», «Шешіне салмадыңдар ма?», «Ұят-ай» , «Ойынв келгендерін шығарып бітті ғой» деп жазды жұрт.
Желі қолданушылары арасында бағдарламаға оң көзқарас танытқандар кемде-кем.
[:]