[:kz]
Сұлулық эталоны саналатын Мәдина Сәдуақасова тағы да қарапайым жұрттың көңілін қалдырды. Әнші ашық-шашық кейіптегі суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Ал танымал тележүргізуші Аман Тасыған Мәдинаның сұлулығына таңдай қақты, деп жазады Stan.kzтілшісі.
Сәдуақасова су жаңа фотосессиясын жариялап, ішкі жай-күйін Мағжан Жұмабаевтың сөзімен жеткізді:
“Жандым-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей,
Еш жанға сенен басқа көңіл бермей”.
Желі қолданушылары Мәдинаның соңғы кездері өзгеріп кеткенін айтып ашынды.
“Саған өзіңнің образың жарасатын еді”, “Соңғы уақытта Мәдинаға не болған”, “Әдемі деген сайын шешіне бастапты. Образыңыз еш жараспайды”, – деп ашынды желідегілер.
Ал тележүргізуші Аман Тасыған Мәдинаның сұлулығына қызыға қарағанын ашық жеткізген.
“Мәдина, сұлу әрі ақылды қызды көргенде, мен секілді онша емес жігіттер ішіп кетеді – ау”, – деп пікір білдірді ол.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Источник: Stan.kz
[:]