[:kz]
«Нартай ньюс» бағдарламасында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевтың өлімі туралы бірнеше пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Бұған дейін мен бұл туралы да айтқанмын. Әр адам осы нәрсе жайлы сөз қозғағанда өз баласы мен өз немересін еске алсын. Туған немересіне қатысты қалай қабылдайды, ол кісі де дәл солай қабылдады»,- дейді. «Ол президент пе, қарапайым қызметкер ме, кім болсын, баласы мен немересіне қатысты барлығы бірдей қабылдайды деп ойлаймын. Президент басқаша қабылдайды деген сөз жоқ. Көрсете ме, көрсетпей ме, бұл екінші жағы. Іштей күйіп бара жатса да сыртқа көрсетпеуі мүмкін»,- деп қосты Абаев.
[:]