[:kz]
Журналист Жолымбет Мәкіш әншілерді де халықты да қатты сынап тастады. Оған түрткі болған Мадина Сәдуақасованың желідегі жазбасы. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшінің парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Халықты өсек пен қысыр әңгіме іздеп тұратын қара тобыр қылып тәрбиелеп жатқан екі нәрсе бар болса, соның біреуі — «Қалаулым» сияқты әртүрлі мағынасыз, мәнсіз, түкке татымайтын арзан дүниелер ашып тастаған телеканалдар да, екіншісі – инстадағы «жұлдыздар». Соларға қарап біреудің алдында, біреудің артында келе жатқанына шүкіршілік етуден қалып, мына ел дайын нәрсеге, тегін нәрсеге құмартып тұратын қайырымсыз, қатыгез болып барады.
Мәдина Сәдуақасова отасқанына 7 жыл болғанын, байы өзінен 7 жас кіші екенін атап өткелі жатқанын жазыпты инстаға. Соны аз уақытта 4 миллион адам қарапты. 4 миллион адам! Қазір сонда бүкіл елдің тағдыры шешілгелі жатқандай қырғын пікірталас болып жатыр екен. Епт, біз сонша топас, надан болып кеткенбіз бе, немене?! 4 миллион дегенің халықтың тең жартысы ғой! Итке сүйек тастағандай қылып, халықты сондай тақырыпқа үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ! 4 миллион адамды қорасындағы мал құрлы көрмей отыр ғой бұлар. Мәдинаның да, халықтың да деңгейі бір-біріне сай екен!», — деп жазды автор желідегі парақшасында.
[:]