[:kz]
Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі парақшасында алғаш рет үн қатты. Ол адамның алдында да, Алланың алдында да ары таза екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Ол алдағы уақытта бұл іске қатысты шындықты заң органдары ашады, деп сенім білдірді. Қабатов қиын кезеңде өзіне және отбасына қолдау білдірген халыққа алғыс білдірді.
«Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да, Алланың алдында да арым — таза!
Алдағы уақытта құқық қорғау оргондары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын.. Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-буыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын!» — деп жазба қалдырды ол.
Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген болатын. Ал Нұр-Сұлтан білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шыққан еді. Басқарма оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлады.
[:]