[:kz]
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров карантиннің салдарынан қалыңдығының қалың малын төлеуге қаржысы келмейтін 207 жігітке ақша бөлді, деп деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сайт дерегінше, бұл қаражат Ахмет қажы Қадыров қорынан бөлінетін көрінеді. Яғни, әр жігітке қалыңдығының қалың малын төлеу үшін шамамен 50 рубльден (шамамен 290 мың теңге) иеленеді. Бір ескерте кетерлігі бұл ақша міндетті түрде мұсылмандық шарттарды орындау мақсатында жұмсалуы тиіс.
Оған қоса, карантин кезінде қыз ұзату тойына жігіт жақтан тек екі көлік болып ғана баруға болатыны айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуына байланысты Шешенстанда сәуір айынан бастап мұсылмандық шарт бойынша неке қиюға тыйым салынған болатын. Дегенмен, 25 мамырдан бастап, бұл шектеу күшін жойды, бірақ, көп адамның басын қосып, дүркіретіп той өткізуге әлі де рұқсат жоқ.
[:]