АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Құдайбергеннің қауіпті дертке шалдыққаны расталды (видео) [:]

[:kz]

Отандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннен коронавирус инфекциясы анықталды. Бүгін оның тапсырған ПТР тестінің нәтижесі шығып, бизнесменнің COVID-19 жұқтырғаны ресми түрде расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Қайрат Құдайберген ПТР тесті оң нәтиже көрсеткенін өзі Instagram парақшасында мәлімдеді. Кәсіпкер кезекті видео жариялап, өзіне қолдау көрсеткен барша отандастарына алғысын білдіріп, оларды барынша сақтануға шақырды.

«Достар бәріне сәлем, түнімен дене қызуымды түсіруге тырыстым. Барлығын өзіме жасауға тура келеді. Себебі, мен жақындарымның ауырып қалғанын қаламаймын. ПТР тестім келді. Өкінішке орай, менен коронавирус табылды. Маған компьютерлік томография жасап, өкпенің пневмофиброзды анықтады. Бұл видеоларымды не үшін түсіріп жүрмін? Адамдар бұл індеттің ойыншық емес екенін, коронавирус шын мәнінде бар екенін көрсету үшін бөлісіп жатырмын.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өкінішке орай мен тапсырған ПЦР тестінің нәтижесі — коронавирус. Бірақ ин ша Аллах бәрі жақсы болады деп сенемін!

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Маған қолдау білдіріп жатқан әрбіріңізге рахмет айтамын. Парақшама келіп түсіп жатқан жылы лебізді хабарламалардың шегі жоқ. Маған жазған адамдардың 99%-ы тез сауығып кетуімді тілесе, қалған бір пайызын санасы төмендер құрайды.

 

Олар маған ақша төленгенін және мен мына жерде қойылым ойнап отырғанымды жазуда. Сіздерге де денсаулық тілеймін. Құдай сақтасын, ауырмаңыздар.

kaz.nur.kz/1861163-kajrat-kdajbergenni-kauipti-dertke-saldykkany-rastaldy-video.html

[:]