[:kz]
Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа министрліктің басшысы болып тағайындалды. Енді ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Қазақстанпрезидентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», — деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.
Бұған дейін Асқар Жұмағалиев цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған болатын. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, Көлік және коммуникация министрілігінің басшысы және Премьер-министрдің орынбасары сынды лауазымды қызметтер де болған.
Асқар Жұмағалиев 1972 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген.Свердлов Суворов әскери училищесін бітірген. Одан кейін «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша қазақ ұлттық техникалық университетінде оқыды. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған. Ана тілінен өзге ағылшын және орыс тілдерін біледі. Үйленген. Екі баланың әкесі. Әйелі Айнұр МӘМИ Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ қызы.
Жас Алаш
Фото: tengrinews.kz
[:]