АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Нұртас әкесінің туған күнін қалай тойлатты (видео) [:]

[:kz]

Қазақстандық шоу-бизнестің басты жұлдызы Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне орай, жақындарына көңілді кеш ұйымдастырды. Отбасылық отырыста қонақтар би билеп, Нұртас Айдарбековке өз жүрекжарды тілектерін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық шоу-бизнестің басты жұлдызы Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне орай, жақындарына көңілді кеш ұйымдастырды. Отбасылық отырыста қонақтар би билеп, Нұртас Айдарбековке өз жүрекжарды тілектерін айтты деп жазады

 

Жұлдызды әулет мүшелерінің әр туған күні осы уақытқа дейін қашанда ұлан-ғасыр той сияқты өтіп жүрді.

Алайда, биыл ел басына түскен карантин деген сынақ кесірінен Нұртас Айдарбековтың жаңа жасы тек ет-жақындарымен, шағын отырыста тойланды. Әкелерінің 55 жасқа толу кешін ұйымдастыруды толығымен Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімова өз мойындарына алған. Бұл туралы хитменнің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында айтып берді. Белгілі продюсер сүйікті жолдасының туған күні қалай өткенін барша желідегі оқырмандарымен бөлісіп, көңілді кеш кезіндегі видеоларды ел назарына ұсынған. «Карантинге байланысты, кішігірім етіп, отбасымызбен Нүрекеңнің 55 жасына Қайрат пен Жұлдыз дастархан жайды. Әкелер ұрпағымен бақытты болсын» , — деген жазба қалдырды Гүлзира Айдарбекова. 

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың күйеуін туған күнімен ерекше құттықтағаны туралы жазған болатынбыз. Ол сүйіктісіне желіде жүрекжарды жазба арнап, онда оған деген ақ тілегі мен өшпес сезімін білдірген. Қайрат Нұртастың анасы отағасын қуанту үшін Дубайдағы демалысын тоқтатып, бірден елге қайтып оралған. Ол жолдасымен отасқанына көп болса да, олардың арасындағы махаббат мүлдем ескірмегенін айтты.

[:]