[:kz]
Астанада жеке концертін өткізген Мақпал Жүнісовадан сахнада қарт әжей сыйлық сұраған. Зейнеткердің қолқасына әнші әзілмен жауап қайтарып, халықтың қошеметіне бөленді деп жазады «Астана» арнасының»Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сахнаға шығып ән айтқан әжейге әнші дискісі мен өзі жайлы кітапты тарту еткен.
«Немді берсем екен? «Бірдеңеңді бер» дейді маған. Ойбай, жаным-ау! Концерттен кейін ана жақта дискілерім бар еді. Ай, Хамит, апама бір дискі берші. Бөркімді шешіп бере алмаймын енді. Қайрат Нұртас емеспін. Ол кісінің әке-шешесі бай. Бизнестері бар. Он шақты костюм тігіп қойып, таратып бере береді. Менде бай жоқ, бай жоқ», — деп күлді Мақпал Жүнісова сахнада.
Сондай-ақ әнші сахнада бір кісіге гауһар тасты сақинасын тағып жібергенін айтып берді.
«Шынымен де ойланып қалдым. Бірінші рет емес, кеше де бір кісіге сахнада гауһар тасты сақинамды бердім. Енді бәріне жетпеймін ғой. Сондықтан, бәрі бірнәрсені ырым қылып алғысы келеді. Ол енді жақсы ойдан туған шығар деп ойлаймын.
Ал негізі бізде көбінесе Қайрат Нұртас костюмдерін таратып жүреді. Жаңағы он шақты, жиырма шақты костюм тігіп қояды екен. Соны гастрольге алып жүреді де, кез келген жерде кішкентай балаларға кигізіп кетеді. Өйткені оның тігін цехы бар. Ал менде ондай жағдай жоқ. Сондықтан да ештеңе бере алмай қалдым. Дегенмен де кітабымды, дискімді сыйға әкеп берді. Ол да бір өзінше сыйлық деп ойлаймын», — дейді халық әртісі.
[:]