[:kz]
Қайрат Алматыға ата басын бұрса Төрешке, Төреғали Нұр-Сұлтанған барып жатса, Қайраттың үйіне қонақ болып барады. Сондай кездесулердің бірінде әншілер құда болуға ниет білдірген.
Қайраттың ұлы Хан мен Төрештің қызы Тоғжан екеуінің ұқсастықтарын да байқаған. Расында екі бүлдіршіннің сөйлеген сөзі де, қылығы да бір бірінен аумайды. Бұл туралы Revue бағдарламасында айтылды.
Әншілер осыны ескерді ме, әлде достықтарының мыңжылдық болуын қалады ма, әйтеуір бесік құда болуға уағдаласты.
Бұл туралы әншілер не дейді.
«Бәрі Алланың қалауымен ғой. Бір жапырақ та Алланың қалауынсыз түспейді дейді ғой. Сондықтан бәрін болашақта көре жатармыз», — дейді Төреғали.
Қос әнші жиі кездесіп, сыр ақтарысып, шүйіркелесіп жүретіндерін мойындады.
«Сағынамыз, көргіміз келеді, сағынысып көрісеміз, оның несін жасырамыз», — дейді Қайрат.
https://stan.kz/kayrat-nyrtas-pen-toregali-toreali-besik-kyda-bolmak-322578/
[:]