АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Нұртастың әйелі аурудан емделіп жатыр[:]

[:kz]

 

 

«Әлем ханымы-2020» байқауының жеңімпазы Жұлдыз Әбдікәрімова емделіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Осы уақытқа дейін жасырып келіп едім. Биыл денсаулыққа көңіл бөлетін жыл болды. Ағзам «Жұлдыз, тоқтат» деп ескерту берген секілді болды. Диагнозым — мойын омыртқасының жылжуы. Қазір мануалиске барып, соны қалпына келтіріп жүрмін. Он күндей қабылдауда болдым», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, ол «мойын омыртқасы қозғалтпай, басын көтере алмай жатып қалған кезі болғанын» жазды. Ал қазір денсаулығы біршама тәуір.

«Денсаулығым қалпына келді. Сіздердің қолдауларыңызбен жұмысты бастауға дайынмын. Достар, уайымдамаңыздар бәрі дұрыс, бәрі жақсы», — деді ол.

Видео барысында ол медициналық анализдерін көрсетті.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы-2020» атанған еді.

[:]