[:kz]
Қайрат Нұртастың әйелінің деңгейі төмендеп кеткен бе, әлде бұрыннан төмен бе?
Мына бағдарламаның тақырыбы, ондағы қонақтардың пікірі, құдай сақтасын не деген мазақ. Еліміздегі мықты продюсер Гүлзира ханым “как такое допустила” деп ойладым. Үнемі Қайратқа ән таңдағанда қатты мән беремін деп айтатын еді.
Хабардың кейіпкерлері актер мен актрисалар, жазып берген сөздерінен шатасып отыр(қасымдағы көршіме үнемі айтатынмын, күйеумінің біреуі бар сияқты десе, көршісі: осы жерге келіп естіп отырмын дейді. Бәрі жасанды. Бөліп берген рөлдерін дұрыстап сомдай алмай отыр.
Баяғыда бала кезімізде орыстардың ‘Окна’ деген бағдарламасы желісінде жасаған екен. Оданда Қазақстан арнасындағы “Шаңырақ” бағдарламасында жүре бергені дұрыс еді. Лентадан көріп қалып, қарап шығып едім. Тіпті Хайп, рейтинг қуамыз деп келешекте бұдан да сорақысы болатын шығар. Себебі қазіргідей заманда телеарналарға көрерменді жаулап алу оңай емес!
Жаулаудың жолы осы екен деп, үлкен экранға “екеудің құпиясын” актерларға ойнатып болса да шығару дұрыс емес!
Р.S.Негізі Жұлдыз өз парақташасындағы жазбалары (әрине өзі жүргізетін болса) жазбалары жаман емес! Мына хабарға жүргізушілікке келіп, не басына күн туды екен! И такта танымал, ақшалы.
Шынар Құрманғалиқызы
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]