[:kz]
Қазақстандық әнші Гүлмира Ізбасханова Ресейде Андрей Малаховтың шоуына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған altyn-orda.kz
Бағдарлама ұйымдастырушылары Мәскеуге Гүлмира мен оның анасын шақырған.
«Қазақстанда нөмірі бірінші әнші бар, менің ағам – Қайрат Нұртас. Бұл әнді сол жазды, ал мен кавер орындадым», – деп түсіндірді Гүлмира.
Ізбасханова 6 жасынан бастап ән айтатынын және спортпен шұғылданатынын атап өтті. Ол бағдарлама барысында Қайрат Нұртастың «Сені сүйем» әнін орындады. Андрей Малахов пен өзге қонақтар Гүлмираның әнін сүйсіне тыңдап отырды.
Сондай-ақ Малахов Гүлмираның анасын ортаға шақырды. Ол кісінің де өнерден кенде емес екенін біліп, ән орындауды сұрады. Анасы мен қызы бағдарлама қонақтарына София Ротарудың әнін орындап берді.
[:]