АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз енді жастардың некесін қиып, қыз ұзатпақ[:]

[:kz]

Картинки по запросу жулдыз абдукаримова

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдызын тойда көріп қалсаңыз, таңқалмаңыз. Актрисалық қырымен танылған Абдукаримова енді неке қиып, қыз ұзатпақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ақпаратты Instagram парақшасында төрт баланы анасы өзі жариялады.

Жұлдызға мұндай идеяны құрбысы тастаған көрінеді.

«Қанша уақыттан бері @mairatolepbergen құрбым «Неге сен неке қиып, қыз ұзатпайсың?» дейтін. Алғашында «Майра, ұят қой. Ел не ойлайды» деп бірнеше жыл тартқыншақтап жүрдім. Сосын жақында өз оқырмандарымның арасында #stories опрос өткізгем. Қаншама адамның ілтипаты мен тілегін естідім. Шақыртуларын алдым», деді Жұлдыз.

Тіпті, неке қиюға тапсырыс қабылдауға дайын екенін де жеткізді.

» #direct арқылы халықтың жақсы сөздерін оқып, батасына бөлендім Ал енді «Биссимилях» деп бүгіннен бастап жас жұбайлардың некесін қиюға тапсырыстар қабылдаймын деп шештім. Әрине, жүректе қобалжу бар. Дегенмен қолдан келсе неге көрмеске. Мен некесін қиған әр жұбым кем дегенде 4 баладан тапса, көркем отбасы болса қандай жақсы», — деді Қайраттың жары.

 
  

[:]