АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Қайрат Сатыбалдыұлыға сот үкімі шықты [:]

[:kz]

Қайрат Сатыбалдыұлына аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Бұл іске тағы үш адам қатысты. Тергеу барысында олар мемлекетке 240 млрд теңгенің мүлкі мен ақшасын қайтарған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді.

Сонымен қатар Қайрат Сатыбалдыұлы мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеу құқығынан айырумен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ оны ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, мемлекеттік наградалар – «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілетін болады.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы 13 наурызда ұсталған. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы қаражатын жымқыру фактілері бойынша айып тағылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктінің мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

[:]