[:kz]
Қазақ эстрадасында Қайрат пен Димашты салыстыратындар көп. Бірі Димашты көкке көтерді, бірі Қайратты мақтады. Бұл ретте Бибігүл Төлегенова «Қайрат Нұртас көп әншінің бірі ғана» деген ойын атты. Гүлзира Айдарбекова бұл пікірмен келіспейді.
Айдарбекова Бибігүл Төлегенова мен Қайратты даттаушыларға жауап берді.
«Димаш пен Қайратты Бибігүл апамыздан бастап салыстырып әлек. Оған жауап: Димашымыз бәйге атындай әлемдік деңгейдегі баршамыздың мақтанышымыз, оған ешкімнің таласы жоқ. Ал Қайрат көкпардың аты секілді, бәйгенің аты көкпарды ала алмайды, ал көкпардың аты бәйгені ала алмайды. Қыран құстай самғаған қос қанатымызды бір-біріне улап жатқандарға айтарым: Қыран құстың арқасына мінетін бір-ақ құстың түрі бар, ол қарғалар. Бірақ қыран құс, қарғаны үстінен түсіремін деп әлек болмайды. Ол биікке самғай береді, самғай береді. Ауа жетпеген қарға өзі-ақ сырғып төменге қарай құлдилайды екен», — дейді Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер әр әншінің өнер әлемінде өзіндік орны бар екенін түсіндіріп әлек. Бұл ретте Төлегенова асылық айтты деп ренжіді. Даналық айтар ананың, баланың сағын сындырғанын құп көрмеді.
«Мейлі жер дей берсін, жерден бүкіл адамзат қоректенеді, туған жердің бір уыс топырағына зар қаншама шетел асқан бабаларымыз бар, өміріңнің бәрін көкте емес, жерде өткересің, тіптен о дүниелік болғанда сол жердің қойнына кіресің. Жер деп сайрап отырған апамыздың өзі жер басып бақытын елден тауып жүр, көкте ұшып жүрген жоқ. Жеріміз үшін қаншама халқымыз қасық қаны қалмағанша арпалысты да, сол жер біз-ақ бола берейік. Құс қанша ұшса да, оның табатын қорегі жерде, Адам қанша тәккаппар болғанымен баратын жері көрде. Қайрат ешкімнің ала жібін аттап, ешкімнің отбасын ойрандап не болмаса ешкімнің ата-анасын өлтірген жоқ.
Не деген өшпенділік, еш түсіне алар емеспін🤔 Көпке топырақ шашпаймын, қолдап-қорғап жүргендер үшін алғысымды айтудан шаршаған емеспін. Бірақ мына апамыздан бастап кей адамдар, халықты Қайратқа жауындай айдап салатындай, Қайратты неге кең жерге сыйдыру соншалықты қиын болып кетті.
Айтсам айтты деп ренжімессіздер, Қайрат аты шыққалы жала жабу, жексұрын көрсету хайп болып кетті, өршімесе тоқтар емес. Мен анамын менде де жүрек бар. Болмаса берейін, түтіп жеңіздер, мүмкін сол кезде даттаған кісілердің маңдайына қарағайдай мүйіз шығар. Ұрпағымыз өссін-өнсін деп бата беретін дана аналарымыз осылай деп, немересіндей балаға қадалса, менің айтарға сөзім жоқ», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары әдеттегідей екі топқа бөлінді. Бірі Димашты мақтады, бірі Қайратты қолдады. Енді бірі салыстырудың өзі артық деп пікір айтты.
«Өсетін ел бірін бірі батыр дейді, халайық», «Қайрат та, Димаш та қазағымыздың ұлдары, аман жүрсін тек!!!», «Жаным, Кайрат, мойындатқан ғой. Көреалмаушылық қой, сіздерден үлгі аламыз», «Димаштың даусы зор, әлем мойындаған әнші, нағыз әнші деп атауға болады», «Қайрат көп әншінің бірі, салыстыруға келмейді», «Ақталудың не керегі бар? Мықты адам ешқашан ақталмайды» деп жазды көпшілік.
[:]