АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайсар қыз, Әнел![:]

[:kz]

Францияның солтүстігі мен Британ аралдарының оңтүстік-шығысын 38 шақырымға жалғап жатқан Ла-Манш бұғазын тұңғыш рет тамыздың 21 күні отандасымыз Әнел Сытдықова бағындырды.

Қайсар қыз, Әнел!

Алматы халықаралық әуежайынан 25 тамыз күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымымен бірге Әнелді қазақтың қара домбырасымен әндетіп, ерекше қошаметпен қарсы алдық.

Қайсар қыз, Әнел!

Қайсар қыз, Әнел!

Әнел Әлібекқызының қол жеткізген жетістігі еліміздің тарихында болмаған елеулі оқиға. Ол – белгілі триатлоншы. Небәрі 6 жыл бұрын ғана жүзуді үйрене бастаған. Соның соңғы 4 жылғы дайындығын 38 шақырымға созылатын Ла-Манш бұғазын жүзіп өтуге арнады. Бұғазды 2016 жылы және 2018 жылдары бағындырғысы келген. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолы болмады. Алайда, ол қайсар мінезі мен жеңіске деген құлшынысының арқасында, осы жылы сәті түсіп Ла-Манш бұғазын 21 тамыз күні 15 сағат 15 минутта, гидрокостюмсіз-ақ жүзіп өтеді. Айта керу керек, бұғаз суының салқындығы 15-16 градус және жүзу түнде басталған. Сөйтіп ол үшінші мүмкіндігін мүлт жібермей, Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті.

Қайсар қыз, Әнел!
Әнел Сытдықованың алға қойған тағы мақсаттары бар екен. Сол белестерден сүрінбей өтіп, бұдан да биік тұғырдан көріне беріңіз! – деп тілейміз!

 

Дайындаған Ғалия Қалиева,

фотоларды түсірген автор

 

jasqazaq.kz

[:]