АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайтыс болған науқастардың қаншасы коронавирустан көз жұмғандар қатарына қосылмады: Министр жауап берді[:]

[:kz]

Брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кейбір науқастарды коронавирустан қайтыс болғандардың тізіміне қоспағандарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғанымен, созылмалы аурудан 37 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінде олардың COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған адамдардың қатарына жатқызылмағаны туралы айтылды. 

 

Ресми мәліметтерге сәйкес, 4 маусымда Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 48 адам қайтыс болды. Қайтыс болған өзге 37 адамда  COVID-19 анықталғанына қарамастан олар есепке алынбады. Ол адамдар инфекция жұқтырғанымен өлімдеріне вирус әсер етпеді, созылмалы ауырудан көз жұмды сол себепті тізімге енбейді дейді Біртанов. 

«Қазақстанда коронавирустық инфекциялардан 48 адам қайтыс болды. Олардан басқа бізде 37 басқа аурудан қайтыс болған адамдар бар, бірақ олардың көз жұмуына себеп болған созылмалы ауру, коронавирус кейін анықталды», — деді Біртанов.

Қазақстан бұл жағдайларды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бойынша тіркеп отыр. Осы туралы айтқан  министр Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың пайыздық көрсеткіші 0,4% құрайды деп отыр.

«Инфекция өлімге әкеліп соқтырса, яғни, тыныс алу жүйесінің бұзылуы,  пневмония, өлімнің бірден-бір себебі болса, ондай науқастарды біз коронавирустық инфекциядан қайтыс болды деп есептейміз. Егер адам инфарктан қайтыс болса, бірақ коронавирус жұқтырған болса, негізгі диагноз негізгі болып қала береді» — деп қосты Біртанов.

Қазіргі уақытта 24 науқас өкпенің жасанды желдету аппаратында жатыр.

Жалпы республикада 12 мыңнан астам COVID-инфекциясы анықталды, 6469 адам емделіп шықты. 

[:]