[:kz]
Мен қатты жалғызсырап жүрмін. Аллаға шүкір 6 балапандарым бар.Олар əлі кішкене болған соң ба, жүрегіңдегі ауырлық пен жараны түсінбейді. Толығырақ айтсам, жолдасым, яғни өмірлік серігім болады деп таңдаған адамым 10 жыл бірге отасып, бар қызығымызды, қайғымызды бөліскен шақтарымызды аяғымен шаншып, таптап өтіп артына қайырылмастан өзге жанға кете барды. Мен балапандарымды құшақтап қайтып келер деген үмітпен əлі қайын жұртымдамын.
Қайын апамның үйінде тұрып жатырмын. Енем үйіне кіргізбеді. Байы жоқ əйелді қай бетіммен кіргіземін дейді. Бірақ үлкен балам сол кісінің қолында.Кішкентайынан бағып келеді. Өз басымда баспанам жоқ. Астана қаласында көп балалы отбасы ретінде жалдамалы пәтер кезегіндемін. Қай күні кезегім келетінін бір Құдай біледі?
Қайын апамның балалары жоқ. Арғы жылы бесігші баламды сол кісіге туып бергенмін, қайын жұртымның өтінішімен кенжемді қайын әпкеме бердім. .Енді міне, бері тартсам өгіз өледі, ары тартсам арба сынады деумен жүрмін.
Өзім бас аспаз болып жұмыс жасаймын. Тапқан табысымды түгел үйге жұмсаймын, осы үйге тамақ тасимын. 4 баланың киім-кешегі бір өзімнің мойнымда. Бүгін жезде(қайын апамның жолдасы) мен үстіме киім де алмаймын, шаршадым деп ашуланды .Бірақ осы үйдің бар тамағы менің мойынымда, өзі қала ішінде таксист болып жұмыс істейді. Күндік табысы екі мың теңге, ол неменесіне жетеді?
Мен шаршадым бəрінен. Біреудің үйінде балаларыммен жалтақтап өмір сүрудің қандай қиын екенін білсеңіздер ғой. Күйеуімнің жүрген жүрісі анау, балаларға бір тиын беріп көмектеспейді, хабарласпайды да.Төркініме бара алмаймын, 4 баланы құшақтап төркініме қалай сыямын. Маған қандай ақыл айтасыхдар?
Аноним
Алаш айнасы
[:]