АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайыржан ТӨРЕЖАН. СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ[:]

[:kz]

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екiншi бөлiмi заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге арналғаны белгiлi. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестерiне бейне және таспаға жазу шараларын мiндеттi түрде енгiзу. Судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкiндiгi болмауы тиiс» деп жазылған. Бұл талап сот жүйесiнiң ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде

        Ақпараттық-коммуникациялық технологияның соңғы үлгiлерiмен жабдықталған сот  залдары судьялар жұмысын ұтымды атқаруына тың серпiлiс бередi. Соның бiр айғағы ретiнде, барлық сот залдарының бейнежазбалармен қамтамасыз етiлгенiн айтуға болады. Сот мәжiлiстерiнiң барлығы қондырғы арқылы бейнежазбаға жазылып, заңдастырылады. Ешкiм ешнәрсеге өзгерiс енгiзе алмайды. Бұл өз кезегiнде сотқа жүгiнген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн шынайы қорғаудың сапасын одан әрi арттыра түсерi анық. Жаңа технологияларды сот жұмысында қолданудың тиімділігі мен артықшылықтарына тоқталатын болсақ, азаматтар мен заңды тұлғалар «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды, өтініш, жүгінулерді, апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды сотқа бармай-ақ жолдауға және мемлекеттік төлемдерді онлайын түрінде төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжаттарын қарап, істің барысымен танысып, сот актісін басып шығара алады. Бұл ретте тұтынушылардың электронды сандық қолтаңбасы және интернет желісі болса болғаны.

       Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үшінші жаңғыру жөнінде басты бағыт бере келіп, бұл жаңғырудың негізі цифрландыру болып табылатынын атап өткен болатын. Осы цифрлы технология барысы елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосатын негізгі жолға айналды. Соған сәйкес цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде Елбасына Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы таныстырылды.  Бұл Ахуалдық орталық Жоғарғы соттың ғимаратында орналасқан және ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Біз Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен алған мәліметімізге сай, мұнда тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткізуге болады. Ахуалдық орталық республиканың 1418 сот залында процестердің өту барысын қадағалайды. Бұл соттағы дөрекі іс-қимылдарды немесе сот процесіне қатысушыларға төнген қауіпті тез арада анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы Ахуалдық орталық сот жұмысының кестесінде болатын кемшіліктерді жедел анықтау, түзетуге бағытталған. Биліктің бір тармағы саналатын сот саласында елеулі өзгерістердің болып жатқанына, оның тәуелсіз де бейтарап және әділетті төреліктің жүзеге асырыла бастағанына қарапайым жұртшылықтың да көзі жете бастады. Соңғы кезде көпшіліктің даулы мәселелерді немесе құқықбұзушылықтарды өркениетті түрде сот арқылы шешуге ұмтылуы осының дәлелі. Бұл халықтың сотқа деген сенімінің артқандығы деуге әбден болады.

      – Соттың халық алдындағы беделін күшейтуге, халықтың сотқа деген сенімін ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды атқару және Жолдауда көрсетілген талаптарды қолдап, оны орындау – біздің басты міндетіміз деп санаймын. Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотында ашықтықтың жұмысы ретінде көптеген атқарылып отырған шараларды атауға болады мысалы: Қорғаушы адвокаттарға «Сот кабинеті» сервисінде сауалнаманы жүргізу мүмкіншілігі бар. Сауалнамаға сот талқылауларына қатысушылар ғана респондент ретінде қатыса алады, яғни талап қоюшылар, өтініш берушілер, жауапкерлер, адвокаттар, прокурорлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ аталған сервиске тіркелген өзге де тұлғалар. Дербес сұхбаттасу жергілікті соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру және соттар жұмысын ұйымдастыру қызметі туралы объективті ақпарат алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қорғаушы адвокаттар «Сот кабинеті» сервисінің аталған қызметі жоғары бағалап, бұл азаматтарға қатысты сот жүйесінің ашықтығын тағы да бір рет дәлелдеп отыр. «Сот кабинеті» сервисінің қызметі электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдету, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, — деп түсіндіреді Жамбыл облысы  Жуалы аудандық сотының бас маманы Ж.Оралова.

         Қазіргі таңда сот жүйесінде ашықтық принциптеріне үлкен көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні сот жүйесінде құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр, өйткені халықаралық индикаторлары соны дәлелдеп отыр. Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шаралары міндетті түрде енгізіліп жатыр. Сот жүйесінің ашықтығы бүгінгі күні әрі міндет әрі талап, сол себептен қазіргі ақпараттық даму ғасырында ең нақты мұраттың бірі, әрине ол бір жағынан азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін артады. Ашықтық – сот жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы бағытталған басты құралдың бірі болып саналады. Сот жүйесінде соңғы жылдары ашықтық мәселесіне қатысты көптеген жұмыстар атқарылып, үлкен жетістіктерге жетті. Сот жүйесі ашықтығының түбіндегі басты мақсаты сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске өз үлесін қосатын күш деп айтуға болады.

 

Алтынорда

 

 

[:]