АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қақаған суықта көмір тапшылығы халықтың жанына батып отыр (видео)[:]

[:kz]

Соңғы он күнде ауа-райы күрт суып кетті. Көмір тапшылығы халыққа ерекше сезіліп жатыр. Бір ғана Алматының өзінде көмір таппай сандалған жұртта есеп жоқ. Мәселен, Бекмаханов көшесінде орналасқан «Әлем көмір» компаниясында көмір сатылмайды. Компания өкілдері «көмір тек 3 аптадан кейін бірақ болады» деп ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр. Ерікті тілшіміз Ерлан Төлеубай мәселенің мән-жайын білу үшін аталмыш мекемеге  барды.

 

Әлем көмірдің» алдында топырлап тұрған адамдар Шамалған, Байсерке жақтан отын таба алмай, ақырғы үміттің жетегімен осында келген. Алайда компания қызметкерлері мұнда да көмір жоқ екенін мәлімдепті. Ерікті тілшіміз түсірген видеода көмір алып шығып бара жатқан ауыр жүк көліктерін көруге болады. Бұл жүк көліктерін өткізіп отырған компания қызметкерлерінің сөзінше, көмірді әкетіп жатқан азаматтар ерте қамданып, алдын ала тапсырыс берген.

 

 

 

 

 

Көмір тапшылығының себебін анықтау мақсатында журналист Ерлан Төлеубай компания басшыларымен тілдеспек еді, бірақ олар орнында болмай шықты. Қашан келетіндері де белгісіз екен.

Қыстың қаһары қатты. Оған көмірдің қымбаттағанын қосыңыз. Тұрғындардың айтуынша, биыл көмірдің сапасы да нашар. Сақылдаған сары аязда үйді жылытуға күші жетпейді.

«Қамшы» сілтейді

[:]