[:kz]
Әнші Ерке Есмахан желіде өзінің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратып жатқандарға шүйлігіп, оларға қатысты бар ойын айтты. Өнер иесі олардың қаралым саны үшін пасық әрекеттерге барғанына ашуланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ерке Есмахан азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Онда ол өзіне «өлім» тілеген жандарға үндеу жасады. «Мына қасиетсіз Insta, Youtube порталдарға не істеуге болады?
Не деген құдайдан қорықпайтын адамдар? Өсек, өтірікті қойып өздері өлмейтіндей неге бұндай жасайды? Ата-анасы, бауырлары, балалары жоқ па? Біреуге өлім тілегенше, өздеріңе бақытты өмір тілесеңдерші. Лүпіл мен қаралым саны үшін ардан безгендер. Осылай жазуға, суретті осылай салуға қалай Алладан қорықпай дәттерің барады? Скриншот: Instagram/erke_esmahan Өмір жасың ұзақ болады дегенге жатпайды бұндай іс. Ол бұрынғы заманда қателесіп ауыл-аймаққа естіртіп жіберсе, «кешір, өмір жасың ұзақ болсын» деп қателескендерін жуып-шайған.
Ал бұл адамдардың қолдан жасап отырған дүниесі. Алладан безген ақымақтар. Ақырзаман осы шығар. Күннен күнге адамдардың пейілі мен лас ойлары мені таңғалдырады. Аллаға тапсырдым», — деп жазды әнші.
[:]