АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қаланың адамдары қысы-жазы ашық-шашық жүре береді екен[:]

[:kz]

Жұмысқа мен сияқты киініп бару керек қой. Жаңбырда плащ пен резеңке етік киіп, боранда пима киіп дегендей. Не бар үйде соның бәрін киіп аламыз ғой. Шұлықтың қабатап-қабаттап сегізін, триконың үшеуін, тақияның екеуін киеміз. Таңертең аю сияқты қорбаңдап үйден шықсам, аялдамада бір қыз тісі-тісіне тимей дірдектеп тұр. Бұтында капрон дейтін бе еді сондай жұп-жұқа бірдеңе.

Ойбай-ау қарындасым-ау күн суықта көтіңді ашып қайда барасың, өлдің-ау үсіп, жаз болса бірсәрі, күн суықта неге киінбейсіңдер, Мә мынаны киіп ал деп май-май курткамды бергем. Рақмет деп кимейді. Джентелмен болайын деген ойым болмады, жаным ашып бергенім ғой. Қаланың адамдары қысы-жазы ашық-шашық жүре береді екен. Ауырады сосын.

Тұмау өршіп тұр, ауа лас.

Жаңбырда жалаңбас жүруге болмайды. Мұрынға маска тағып жүру керек.

Торғай халқына зымыран құлағанда киетін маска сұрап әперейін деп отырмын Архимедтен.

 

Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасына

Alashainasy.kz 

[:]