[:kz]
Ел арасында танымал атышулы «Қалаулым» жобасының бас режиссері Аслы Ердонмез көпшілікке қатерлі ісіктен емделіп жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аслы Ердонмез Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, сырқаты туралы жан сырымен бөлісті.
Айтуынша, қатерлі ісікке алғаш рет 2015 жылы шалдыққан. Ол кезде түркиялық маман қажетті ем алып, сырқатынан айықтым деп ойлаған. Алайда араға төрт жыл салып, дерті оны қайта мазалаған.
«Өкінішке орай 2015 жылы басыма келген рак ауруы қайта пайда болды. Бірақ, ерте байқалып қолға алынғаны үшін жолым болды. Ота сәтті өтті тексерулерім жалғасын табуда. Бұл уақыт ішінде менің қасымнан табылған «Қалаулым» ұжымына және Қазақстандағы достарыма көп рақмет айтамын.
Сіздермен танысқаным үшін және сіздермен жұмыс істегенім үшін бақыттымын. Ең қысқа уақытта қайта қауышамыз. Менің халімді сұрап, хабарласқан барша жанға алғыс білдіремін. Сіздерді жақсы көремін» , — деп жазған Аслы Ердонмез.
Аслы ханымның әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйенсек, бүгінгі күні ол Түркия елінде ем алып жатыр.
«Химиятерапия басталды. Толыққанды дайынбыз. Жаратушым ем алып жүрген барша жанға шипасын берсін» , — деп жазды режиссер.
Айта кетейік, соңғы кезде бірқатар жұлдыздар тобы «Қалаулым» жобасының жабылуын талап етуде. Өнер иелері атышулы жобаның өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәні жоқ деп есептейді.
[:]