[:kz]
«Қалаулым» бағдарламасы жабылады, жабылмайды» деп жұрт әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа түсіп жатқанда, жобаның жүргізушісі Аша Матай бүгін, 1 наурыз күні «Қалаулымның» әзірге жабылмайтыны туралы нақты айтты, деп хабарлайды Today.kz.
«Бұл бағдарлама халық үшін, көрермен үшін жасалады. «Қалаулымды» көретін көрермен барда «Қалаулым» жалғаса бермек, – деді Аша Матай Бірінші арнаның эфирінен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің жиыны өтті. Жиында «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесі ұсынылды.
«Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екенін ескере отырып, ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Аяқталу нысаны – «Мирас» РК ұсыныс. Орындалу мерзімі 25 сәуірге дейін 2018 жыл», – делінді құжатта.
today.kz.
[:]