[:kz]
Қазіргі қоғамда жігіттер қыздарды «үйленетін» және «жүретін» деп екі топқа бөліп қарастырады екен. Кальян мен темекі шегетін, ішімдік ішетін қыздарды ер-азаматтар болашақ әйелі ретінде елестетпейтін де көрінеді. Бұл туралы «Қалаулымның» бұрынғы қатысушысы Ислам Алтайбаев «Өз ойым»бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Ислам Алтайбаев қазіргі жігіттердің барлығы қыздарға екі түрлі көзқараста қарайтынын алға тартты.
«Қоғамда бар дүние ғой қазір. Мысалы мен көп отырыстарға барамын. Сол кезде көресің. Жүретін қыздар сенімен бірге отырып, кальян шегуі мүмкін. Сенімен қосылып, ішімдік ішіп, темекі тартуы мүмкін. Сонда ол қызға деген көзқарасыңыз қандай болады? Бұл жалғыз менің пікірім емес. Жүретін қыздар клубта жүреді, әр аптаның бесінші күні мейрамханаларда жүреді», — деді ол.
«Қалаулымның» бұрынғы қатысушысының пікірімен келіспеген бағдарлама қонақтары адал қызға кезігу үшін жігіт те сондай болуы қажет екенін алға тартты. Олар ер-азамат қандай қыздардың ортасында жүрсе, сондай аруларға жолығатынын жеткізді.
Осы тұста өзіне ұнайтын қыз туралы әңгіме қозғаған Алтайбаев қазақтың ұлы сөздерін мысалға келтірді.»Қазақтың қай сөзі болса да, бекер айтылмаған ғой. «Шешесін қарап, қызын ал дейді. Қазір соған келе жатырмыз. Анамыз оның анасын қара, әкесін қара, отбасын қара дейді. Мен іздеп жүрген қыз инабатты, ибалы болу керек. Анасы, әкесі өте абыройлы, ажыраспаған болуы керек», — деді Ислам.
Ал бағдарламаға мейман болып келген Мөлдір Түймебаева қыздардың тәрбиесі жігіттерге де қатысты дейді
Қыздардың қыдырғанын жаман әдетке баламайтын ару өз құрбылары туралы да сөз етті.
«Құрбыларымның арасында темекі де, кальян да шегетін қыздар бар. Дос қыздарым күйеуге шыққан соң барлығын тастаймын, жақсы әйел болуға тырысамын дейді. Маған қазір қызық дейді. Олардан жақсы ана шығады, тамақты жақсы әзірлейтін, пысық қыздар», -деді Түймебава.
Бағдарламада жігіттер жақсы қыздардың бойынан табылатын қасиеттер туралы айтса, қыздар қазіргі жігіттердің қыздан бірінші қадам күтетінін жеткізді
[:]