АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қалыңдықтың құрбысы ретінде көйлекпен келген жас жігіттер жұртты таңырқатты (фото) [:]

[:kz]

Қытайда қалыңдықтың құрбысы ретінде тойға көйлек киіп келген жас жігіттер көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды odditycentral.com сайты. Қытайдың Хэнань провинциясындағы Пиндиншань қаласында болған ерекше үйлену тойының видеосы бірден әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.

Пікір қалдырушылардың дені тойға жігіттердің әйелдерше киініп келгеніне қарап, қалыңдықтың мүлде құрбылары болмаған деп топшылады. Қалыңдықтың құрбылары кейпіне барынша енуге тырысқан жігіттер, тіпті парик киіп шығудан тайынбаған. Десе де әйелдерше киінген үш жігіттің бірі бұлайша қонақтардың ерекше назарын аударғанына аса қуанып тұрмағанын байқауға болады. Оның басын төмен салбыратып, жерге кірерге тесік таппайтындай күйде тұрғанына көпшілік бірден назар аударған.

Желі қолданушылары жігіттер қадыңдықтың әріптестері немесе жақын достары деген болжам жасауда. Тіпті кейбірі оларды қалыңдықтың ағалары немесе ақылы актерлер деп те топшылап отыр

Әзірге тек тойдың видеосын қонақтардың бірі ұялы телефонға түсіріп, желіге таратып жібергені ғана белгілі. Еске салсақ, бұған дейін легенге отырып, той кортежін ұйымдастырған жас жұбайлар көптің көңілін көтергені туралы жазған едік. Одан бөлек, сүйіктісінің көбейту кестесін білмегеніне намыстанған қалыңдық үйлену тойдан бас тартқаны туралы жазған болатынбыз.

kaz.nur.kz

 

[:]