[:kz]
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен ақтөбелік шенеуніктің қолға түскені туралы хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан. Министрдің айтуынша, өткен жылы Ақтөбе облысында педофилияға қатысы бар деген күдікпен шенеунік ұсталған.
«Ол 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Ең сорақасы бұл әрекетке қызды анасы мәжбүрлеген», — делінген министрдің Қазақстан Республикасы судьяларының «Zanger» журналындағы мақаласында. Материал Polisia.kz сайтында жарық көрді. Ішкі істер министрінің мәліметінше, күдікті қамауға алынған. Қызын жезөкшелікке тартқан анаға қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Ерлан Тұрғымбаев соңғы бес айда кәмелетке толмағандарға қатысты мыңнан аса қылмыстың тіркелгенін жеткізді. Министрдің дерегінше, әрбір екінші қылмыс үйде жасалады екен.
Кәмелетке толмағандардарға қатысты жыныстық зорлықтың 70 пайызы да баланың сеніміне ие болған жақыны тарапынан жасалады. Олардың қатарында туған және өгей әкесі, туыстары, көршілері мен таныстары бар.
[:]