[:kz]
Қанат Әлжаппаров «Көңілді тапқырлар алаңында» Ерке Есмаханның клипін сахнада күлкіге айналдырды. Әзілкеш Ерке Есмахан мен Кәмшат Жолдыбаеваның бейнебаяндарын салыстырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәмшаттан қай жерің кем? Неге сол сияқты түсірмейсің? Камераның алдында өзіңді көрсете алмайсың ба? Қай жерің кем? Керісінше, бірнеше жерің артық», — деді Қанат Әлжаппаров.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың мамырында Кәмшат Жолдыбаева «Caramel» атты бейнебаянын жарыққа шығарып, көпшіліктіңсынына қалған болатын.
Ал Жолдыбаеваның бейнебаянын кейін арада бір апта өткенде Ерке Есмахан Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге арнап клип түсірді. Әншінің бұл бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шығып, екі айда бес миллионнан артық қаралым жинаған.
[:]