АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Канадаға көшіп кеткен анестезиолог: Мұнда дәрігерлер өте бай адамдар[:]

[:kz]

Алматылық Шыңғыс Төлегенов үш жыл бұрын Канадаға көшіп кеткен деп жазады inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Чингиз Тулегенов/inalmaty.kz

Фото: Чингиз Тулегенов/inalmaty.kz

 

Шыңғыс Төлегенов бүкіл өмірін дәрігерлік жұмысқа арнаған. Көбінесе, жеке клиникаларда жұмыс істеген.

Ер адам 2010 жылы Алматыдағы № 4 ҚКА жұмысқа тұрған. Алайда ол жерде бар-жоғы төрт ай қызмет еткен. Төленетін жалақы мен ішкі жағдай оның көңілінен шықпапты. Айтуынша, ол 75 мың теңге жалақы алған көрінеді.

«Мені үйде әйелім мен балаларым күтіп отырғандықтан, ауру жұқтырып алудан қорықтым..», — деді Шыңғыс.

Дәрігер 2015 жылы Канадаға көшіп кетуге шешім қабылдаған. Ол жақта емтихан тапсырып, дәрігердің көмекшісі болып жұмысқа тұрған.

Төлегенов Қазақстанда — бәрі жаман, ал онда — бәрі жақсы деп нақтылауға болмайтынын айтты. Дегенмен, ескерусіз қалмайтын жәйттар барын атап өтті.

«Егер Қазақстанда анестезиолог айына 300 мың теңге алса, мұнда айына 22 мың долларға (8 млн теңге) жуық алады… Дәрігерлер мұнда өте бай адамдар», — дейді ол.

Сондай-ақ, Канадада дәрігерлерді халық батырлары деп есептейтін көрінеді.

Ер адам Қазақстанға қайту туралы ойланбапты.

Естеріңізге салсақ, №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиологы Асқар Тұңғышбаев Алматы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған еді.

Бұл туралы Тезекбаевтың әйелі президентке ашық хат жазғаннан кейін белгілі болды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны заң аясында тексеру туралы тапсырма берді.

Осыдан кейін бас дәрігер мен сол аурухананың анестезиологы ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

 
  

[:]