АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қане, Саша, аздап алып жібермедік пе?»: Лукашенко өзін ішімдік ішуге Назарбаев «азғыратынын» айтты[:]

[:kz]

 

«Мен екі жағдайда ішімдіктен бас тартпаймын. Оның біріншісі – президенттер отырысы…».

Таяуда Беларусь президенті Александр Лукашенконың сайлау алдында журналист Дмитрий Гордонға 2,5 сағат бойы еркін көсіліп сұхбат бергені мәлім. Сол сәтте ол өзін алкогольді ішімдік ішуге Нұрсұлтан Назарбаевтың мәжбүрлейтінін айтып қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен білем, сіз көп ішетіндерді жақтырмайсыз. Бірақ, өзіңіз ішесіз бе аздап, мысалы «Зубровкадан»?» — дейді журналист. Оған Лукашенко саспастан: «Жарты шелегін ішемін. Бірақ, ертесінде мені жерлеуге тура келеді», — деп жауап берген. Одан кейін әңгімесін былайша сабақтаған:

«Мен екі жағдайда ішімдіктен бас тартпаймын. Оның біріншісі – президенттер отырысы. Менің бір досым бар, оны «ең жақын досым» деп атаймын. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен Нұрсұлтан Назарбаевты «азғырушы» деп те атаймын. Менің бас тарта алмайтынымды біледі ғой. Сосын тостағандарға құяды да: «Қане, Саша, аздап алып жібермедік пе?» дейді. Екінші жағдай – әйелдермен отырғанда. Олар сілтеп жатқанда менің қарап отыра алмайтыным рас».

Қысқасы, өзін «Еуропадағы соңғы диктатор» санайтын оның белорусь Батькасы болып қалар-қалмасын осы жолғы сайлау қорытындысы шешеді. Міне, сол кезде тағында қалса, «жақын досын» шақырып, оны өзі азғыруы мүмкін. Ал тақтан түсіп қалса, әлгі сұхбатында тағы да өзі айтқан «жарты шелек «Зубровка» ішуіне» тура келетін сияқты.

 

[:]