[:kz]
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтар ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Бұл санатқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да кіреді.
Бүгінгі күнге дейін 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бүгінгі күнге 3 миллион 703 мың адам өтініш берді, ал жалпы өтініштер саны 4 миллион 900 мың. Оның ішінде 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Есепшоттарына 75 миллиард 600 миллион теңге аударылды», – деді Нұрымбетов онлайн-брифингте.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтар ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Бұл санатқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да кіреді.
Әлеуметтік төлемге бір рет өтініш беру жеткілікті, ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді. Еңбек министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдайдың 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға төлем екінші рет беріледі.
Әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
карантин жарияланған елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмысшылары;
жеке кәсіпкерлер;
жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын, міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар.
[:]