АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қаным басыма шапты»: Заманбек Нұрқаділовтің немересі ел күтпеген шындықты айтты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бір оқиғада бір жігітің ағасы, басын тепкілеп, есірткіге отырғызып, өлтірмекші болған екен. Бұл өте қорқынышты оқиға, мұны көзіңе жас алмай оқу мүмкін емес.

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитовтың гомофобтық көзқарасы мен ЛГБТ белсендісі Нұрбибі Нұрқаділованың желідегі жазбасы ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Осы орайда, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі өзінің жазбасына қатысты көпшіліктің қандай пікір білдіргенін wonderzine.com сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Оның сөзінше, ата-анасы қыздарының ЛГБТ өкілі әрі белсендісі болуын қалыпты жағдай ретінде қабылдаған. 

«Каминг-аут» жасағанымда мен туралы жергілікті БАҚ жаза бастады. Бұл ақпарат түрлі пабликтерде таралды. «Заманбек Нұрқаділовтың (кеңестік және қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері) немересі лесбиянка екен» деген мағынада жазып жатты. Сол кезде маған қатысты жаман пікірлер қарша борады.

Қазақстанда менің атамды жақсы біледі. Ол Алматының, Алматы облысының әкімі және Төтенше жағдай агенттігінің төрағасы болды. Ол өмірінің соңғы жылдары оппозиционер болды, халық оны жақсы көрді. Бірде таксиге мінгенімде көлік жүргізушісі білмесе де атамды мақтап, жақсы пікір айтқан.

Ата-анам бала кезімнен мені ештеңеден шектеген емес, сондықтан бұл әрекетімді қалыпты құбылыс ретінде қабылдады. Олар жай ғана «Сен шынымен осыны қалайсың ба?» деп сұрады, мен «иә» дедім. Олар тек мені жағымсыз жағдайлардан қорғағысы келді. Мен бір қызбен араласа бастағанда олар: «Бұл — сенің өмірің, сенің — шаруаң» деді. Қазір менің ата-анам менің қызыммен жақсы араласады, бізде бұл тұрғыдан ешқандай қиындықтар жоқ», — деді ол.

Сондай-ақ танымал тұлғаның немересі ЛГБТ адамдарына қоғамдық көзқарастың өзгергенін қалайтынын жасырмады. 

«Бала кезімнен әділдік жасауға қалыптасқанмын, бәрін қорғап жүретінмін. Өз жазбаларым арқылы ЛГБТ адамдарына деген көзқарастың өзгергенін қалаймын. Менімен ниеттес адамдар көп, олардың ішінде, ЛГБТ қоғамдастығымен ешқашан бетпе-бет келмегендер де бар. Олар сторисімді, жазбаларымды оқи отырып, мені өздері сияқты проблемасы бар адам ретінде қабылдайды. Өздерінен еш айырмашылығым жоқ екенін түсінеді және қызға деген сезімімнің басқалардікінен еш айырмасы жоқ екеніне көздері жетеді. Қызғаныш та, жыныстық қатынас та барлығында қалай болса, бізде де солай», — деді Нұрбибі.
 
Мұнан бөлек, Қуат Хамитовтың ЛГБТ туралы жазбасы өзіне қалай әсер еткенін баяндады.

«Қуаттың жағдайына дейін біздің өмірімізде бәрі тыныш болатын. Енді ойлап қарасам, оның пікірі маған әсер еткен секілді. Бұл оқиғаға дейін Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің басынан өткен қорқынышты оқиғаларды оқығанмын. Бір оқиға ағасы қорлап, қиындық көрсеткен жігіт жайлы. Ағасы оның басынан тепкілеп, есірткіге отырғызып, өлтірмекші болған. Бұл жантүршігерлік оқиғаны көзіме жас алмай оқи алмадым. 

17 мамырда Халықаралық гомофобия мен трансфобия күнінде «барлығы жақсы жаққа қарай өзгеріп жатқаны көңіліме қуаныш ұялатады» деп пост жаздым. Сол кезде Қуат Хамитовтың гомофобтық пікіріне көзім түсті. Оның жазбасының астындағы пікірлерге көзжүгіртіп шыққанымда көпшілігі оның ойымен келісетінін байқадым. Қаным басыма шапты, бес минутта жазба мәтінін дайындадым, оның салдарын ойламадым.

Бір қызығы одан әрі таңғаларлық жағдай болды. Менің жазған пікірімді қолдап, белсенді түрде лайк басушылар көбейді. Бірақ, қанша адам қолдап, қанша адам  қарсы болғанын нақты айту қиын. Біраз жігіттер мен қыздар менің жекеме жазып, осы жазбам үшін алғыс айтты және өз бастарынан өткен оқиғаны баяндады. Тіпті мені «лесбянкалардың Исасы» деп атады», — дейді Қуат Хамитовтың гейлер мен лезбянкаларға қарсы пікіріне ашуланған ол.

Естеріңізге сала кетейік, спортшы Қуат Хамитов желіде «Бұлар иттен де жаман» деп ЛГБТ өкілдеріне қарсы пікір білдірген болатын. Оның бұл әрекетіне Нұрбибі видео арқылы жауап беріп, «Мен лезбянкамын!» деп өзі жайлы шындықты мойындады. Бұл жайлы видеода айтылған.

 

[:]