[:kz]
Қапшағайда 2 қыркүйек күні балабақша тәрбиешісі терезенің ернеуіне шығып кеткен баланы құтқарып қалды деп хабарлайды inAlmaty.kzсайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Фото: Видеодан кадрлар/ InAlmaty.kz
Оның артынан жүгірген тәрбиеші бірден балақайды құтқарып қалған.
«Тәрбиешінің еңбек өтілі 10 жыл. Бұл жағдай бірнеше секундтың ішінде орын алған. Алайда ол баланы қорқытпай, құтқарып қалды. Баланың ата-анасы оқиғадан бірден хабардар болды. Анасы бүлдіршіннің өте белсенді екенін, сол себепті олар бірінші қабатта тұратынын айтты», — дейді балабақша меңгерушісі.
Гүлзада Ақынбекова балабақшада бұл жағдайдың бірінші рет болғанын алға тартты.
«Енді біз терезелерге арнайы қорғау құрылғыларын қоюды жоспарлап отырмыз», — дейді ол.
[:]