[:kz]
Танымал қазақстандық әнші Жанар Дұғалованың Instagram парақшасында жариялаған жаңа суреті желі оқырмандары арасныда қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ал желі қолданушылары әншіні шетелдік азаматтан қызғанып, ашуға бой алдырғандарын жасырмады.
«Мына отырысы қазақ жігіттерінің намысына тиетінін түсінеді ме екен?», «Қазақтың керемет қызын басқа елге қимаймын», «Неге жоғалып кеттіңіз?», «Шетелден хит клип түсіріп келіңізші».
«Жабық киінуге болмайды ма?», «Осы жігітке тұрмысқа шығып, айды аспанға шығармашы», «Кім бұл? Күйеу бала ма?», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, әншінің өзі желідегілердің бірде-бір пікіріне жауап бермеген.
«»
[:]