[:kz]
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алатын жанұялардың табысын қайта тексеруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kazakhstan Today басылымына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өңірде мобильді топ әлеуметтік көмекті алу үшін табысын жасырғандарды және асыраудағы адамдарды тексеріп жатыр. Қарағанды облысындағы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай жанұялар облыстан табылған.
«Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 199 жанұяға АЕК беруді тоқтату туралы шешім шығарылды. 17 жанұя өз еркімен бұл көмектен бас тартты. Қалғандарымен учаскелік комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Арсыз адамдар шығынды өздері төлейді немесе ақша сот арқылы қайтарылатын болады», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова.
Өңірде бар-жоғы әлеуметтік көмекті 9335 отбасы алады. Биылғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш төрт есе, ал бюджет құралдарының шығыны алты есе өскен.
«Айқын, анық механизмдерді қажет ететін адамдарға оны жасап беру керек. Көмек әлеуметтік болуы тиіс, әрқайсысымен жұмыс істеу қажет. Асырауында болушылықа жол жоқ! Алаяқтық пен жемқорлықтың әр фактісі үшін қатаң жазаланасыздар. Жеке жауапкершілік қала мен аудан әкімдерінің мойнында. АЕК-нің заңды берілуі жеке бақылауға алынсын», — деп бұйырды Ерлан Қошанов.
Әкім әкімдіктің бұл сұрақты әлі шешпегеніне таңғалды. Отыздан асқан жігіт дөрекі түрде әкімнен АЕК беруін сұрапты. Өзі жұмыс істемейді екен. Қошанов өзінен көмек сұраған қазақстандықты жұмысқа орналастырыпты. Ол әкімдіктің осындай жағдайлармен жұмыс істемейтініне наразы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімдігі атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың үйлерін көрсетті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жекелеген азаматтардың алаяқтық фактілері анықталды. Сонымен қатар, оңтүстік астанада баспасөз орталығында көпбалалы аналардың төбелесі болды. Төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, тілшілердің аппараты зақымданды.
[:]