АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағанды облысында қылмыстық топ 16 миллион теңге табыс тапқан[:]

[:kz]

Қарағанды облысында екі жылдан астам заңсыз ойын бизнесімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Қазақстанның қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін бес адамнан тұратын ҰҚТ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жеті заңсыз ойын нүктелерін ұйымдастырды. Бұл ретте алынған табыс сомасы 16 миллион теңгеден асты. Жедел шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 200-ге жуық ойын жабдығы тәркіленді», — делінген хабарламада.

Қылмыстық топтың әрекетіне Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тосқауыл қойды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

[:]