АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағанды облысының тас жолында тұмсығына мұз қатқан елік құтқарылды (видео)[:]

[:kz]

Қазнетте бірнеше адам еліктің тұмсығын мұз бен қардан тазартуға тырысып жатқан видео пайда болды. Белгілі болғандай,бұл жайт Қарағанды ​​облысында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ. Видео ugolnaya_stolica Instagram-паблигінде пайда болды.

Жазбаны жария еткен видео авторлары — Абылайхан Қуандық пен Нұржан Мақаев болған жайтты әңгімелеп берді. Ер адамдардың айтуы бойынша, 25 ақпанда Денисовский тас жолының шетінде олар әбден әлсіреген елікті байқайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от КАРАГАНДА • АКТУАЛЬНЫЕ НОВОСТИ (@ugolnaya_stolica)

Жануардың тұмсығына мұз аралас қар жабысып, басын көтере алмайтын күйге түскен. Сондай-ақ, қардың салдарынан еліктің көзі де көрінбей қалыпты. «Біз елікті ұстап, оның тұмсығын тазаладық. Ол айқайлағанымен, біз бәрін мұқият жасауға тырыстық. Содан кейін жануарды жібердік», — дейді Нұржан Мақаев. Жарты шақырымдай жүргеннен кейін видео авторлары тағы бір елікті байқады, бірақ бұл жағдайда олар жануарға көмектесе алмады.

«Оның артқы аяғы сынған, бірақ ол бізден қашып кете алды», — деп қосты Нұржан Мақаев.

 

kaz.nur.kz

 

[:]