АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қарағандыда 1 қыркүйекте 38 жастағы әйел мектеп партасына отырды[:]

[:kz]

Қарағанды колонияларының бірінде жазасын өтеуші әйел 1 қыркүйекте мектеп партасына отырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Әйелдің айтуынша, ол 15 жасында тұрмысқа шығып, оқуын тастауға мәжбүр болған. Енді орта білім алу үшін оқуды жалғастыруға бел буып отыр. Себебі, оқуын бітіріп, болашақта жақсы жұмысқа орналасқысы келеді.

«Мен есірткі заттарын сақтағаным үшін 10 жылға сотталдым. Қарағанды облысының 159/9 қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жазамды өтеу үшін түстім. Енді осында орта білім алып шықпақпын. Осы жаста мектеп партасына қайта отыру қорқынышты емес. Мектепті аяқтаған соң, еркіндікте жұмыссыз қалмау үшін аспаз мамандығын оқып шығамын», — дейді Любовь Кодрен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталғаны туралы жазған едік. Оның патруль көлігін көре салысымен қаша жөнелгені, полицейлерге күдікті болып көрінген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдіктіні «Буран-183» патрульдік экипажы Сейфуллин мен Райымбек даңғылының қиылысында қолға түсірген.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген.

kaz.nur.kz

 

[:]