[:kz]
Қарағандыда құрылысшылардың екі бригадасы бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырды. Оқиға куәгерлердің видеосына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыдағы құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшылар арасында қақтығыс болды. Екі бригада бір-біріне кірпіш лақтырды. Полиция қызметкерлері видеоға қызығушылық танытты. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жанжалдасушылардың барлығы қамауға алынған.
«Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлері Қарағандыдағы құрылыс алаңдарының бірінде бұзақылық фактісін анықтады. Құрылысшылардан құралған екі бригада, шамамен 20-25 адам, балағат сөздер айтып, бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырады. Барлық қатысушылар оқиға кезінде ұсталды», — деп атап өтті Қарағанды облысының ДП қызметінің баспасөз қызметі.
Полиция қақтығыстар едендік плитаны орнату туралы дау-дамайдың салдарынан болғанын анықтады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
[:]