[:kz]
Қарағандыда ата-аналар орталық саябақдағы тегін карусельдер үшін төбелес шығарған. Әлеуметтік желіде оқиға түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнінде мәдениет және демалыс саябақтарының басқармасының құраманда тұрған аттракциондарда 12:00-ден 17:00-ге дейін тегін сырғанау ұйымдастырылады деп хабарланған.
Қала тұрғындары саябақтарға балаларын алып келген. Тегін аттракциондарға кезекке тұрған ата-аналар төбелес шығарған.
«1 маусымға бірнеше күн қалғанда БАҚ Балаларды қорғау күні орталық саябақта тегін аттракциондар ұйымдастырылатынын хабарлады. Сол күні көпшілігі балаларды саябаққа әкелді. Нәтижесінде, ақысыз аттракциондардың жанында ұзын-сонар кезек пайда болды. Кезекте тұрған әйелдер бір-бірімен ұрысып, содан кейін тіпті төбелесті», — деді оқиға куәгері.
Төбелесті оқиға куәгерлері түсіріп алған. Видео әлеуметтік желілерге тарап, резонанс тудырды. Қолданушылар әйелдердің әрекеттерін айыптап, балаларына жаман үлгі көрсеткенін атап өтті.
«Қаланың орталық саябағында халықтың карантиндік нормаларды сақтамауы салдарынан «мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы» КМҚК басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес объектілерінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Қарағандылықтар мен қала қонақтарын түсіністікпен қарап, санитария нормаларын сақтауға шақырды», — деді Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қарағанды облысы 7 сәуірден бастап коронавирус бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.
[:]