[:kz]
Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан Гонконг политехникалық университетінің үздік студенттерінің бірі атанды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында.
Ведомствоның мәліметінше, Гүлжан Алдан Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебін 2018 жылы бітірген. Қазіргі уақытта ол Гонконг политехникалық университетінің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды.
Жақында Гүлжан оқудағы ерекше жетістіктері мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін «Үздік студент» атағына ие болған.
«Үздік студент» атағы мен үшін үлкен жауапкершілік», — дейді қарағандылық ару. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты Гүлжан бакалавриатты бітіргеннен кейін PhD in Mechanical Engineering бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыратынын жеткізді.
[:]