АЛТЫНОРДА
ӘлеуметКазахи за рубежом

[:kz]Қарақат Әбілдина Қазақстанның тәуелсіздігіне арнап құрбандық шалды (фото) [:]

[:kz]

Танымал әнші Қарақат Әбілдина 100 кг ет беретін қойды құрбандыққа шалды. Ол бұл құрбандығын Қазақстанның тәуелсіздігіне арнады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

«Елдегі жағдайдың алдында іссапармен Түркияға ұштым, 1 аптаға. Келіп алған соң, телефонды бағып тек жаңалық қараумен болдық. Керекті кездесулер өтіп, құжаттарға қол қойдым.

Бірақ көз құлақ, жүрек бәрі ел жақта болды. Ішім ішіме сыймай, жылап та алдым. «Уайымнан у іштім» — деген екен ақын. Тура сол, не жеп, не қойғанымызды білмей, уайым басты.

Сонда жақын достарымыз «Қарақааат, осы жақта Конья деген қала бар. Әулиелер өткен, Мәулана Жалаладдин Румидің кесенесі, Ахмет Яссауидің шәкірттерінің жатқан жері, діни білімнің ордасы. Арнайы зиярат ниетімен барып, ел үшін дұға етейік?!» 6-7 сағаттық жол екен. Күн жауын. Ұсыныс көңілге қона кетті. Бісмәллә деп, таңмен жолға шықтық.Жол бойы бір ерекше күйдеміз. Көңілдің босағаны ай. Ана жердегі аураны, энергияны сөзбен айтып жеткізе алмаймын- ау! Руханияттың иісі. Румидің рухани ұстазы — Шамсуддин Мухаммад Тибризи, Мухаммад Садруддин АльКоньяуи мешіті — Құран оқып, дұға етіп, зияратымызды жасадық. Сол жерде “Ел амандығы үшін” деп үлкен қошқарды құрбандыққа сойғызып ниет еттікте,етін сол жердегі үлкееен діни ошақ- медреселерде ілім-білім алып жатқан қазақ отбасыларына үлестірдік.. Алла қабыл еткен болсын! — деп жазды әнші.

www.oinet.kz/

 

[:]