[:kz]
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина карантинде өткен 1 жылдың ішінде жеке өмірінде орын алған жаңалықтарымен бөлісті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. — «Бүгінгінің аналары — бір қолымен бала көтеріп, бір қолымен селфи түсіре алады десем қалай?
Қайырлы түн жақсыларым! Карантинде отырғанымызға бүгін міне тура бір жыл өте шыққан екен.Осы уақыт аралығында кімде не өзгерді? Бөлісе отырайық. Мендегі жаңалықтың барлығы осы жерде жарияланды ғой. Ал бұл жылдың ең басты жаңалығы, қуанышы — құшағымды толтырып қолымда тұр. Аллаға шүкір!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қуансам бірге қуанған,мұңайсам бірге мұңайған адал оқырманым бар, сіздерге рақмет! Уақыттың байқалмай өте шығуында бір-бірімізге инстаграм арқылы демеу болдық десем қателеспейтін шығармын, солай ғой? Қалай болғанда да ең қиын күндер артта қалды деп ойлаймын. Жақсылықтан үмітіміз зор. Амандықтарыңызды тілеймін! Бас аман, ел тыныш болсын! — деп жазды Қарақат Әбілдина.
Әншінің жазбасын оқыған көпшілік те жаңалықтарымен қуана бөлісті. — «Карантин уақыты аралығында, отбасымызда кішкентай батырымыз өмірге келді, тура сіз сияқты құшағымды толтырып тұр. 4 қызғалдағымнан кейін келген батырым.
Үлкен қызым оқу бітіріп, ЖОО грантқа түсіп , ол да бір керемет жаңалық болды. Жалпы карантин кезінде отбасымызда үлкенді-кішілі қуанышты жаңалығымыз болды. Алла берерін тауыспасын, шүкір!», «Аллаһқа шүкір, қызымнан кейін 5 жыл күтіп ұлды болдым тамыз айында. Аллаһқа сансыз мадақ. Шүкір. Тәуба.», «Карантин басталғанда өмірге бір батырды әкеліп, жұрттың бәрі карантинде отырғанда,мен декретте отырдым. Карантин біткесін дым болмағандай қайтадан жұмысқа шыққан жайымыз бар», «зің де бөпешің де құшағыңдағы отбасың да бәрі -бәрі аман есен болсын айналайын Қарақат! Құдай тағала тілдінің тілінен көздінің көзінен сақтасын тек! Аман сау болайықшы бәрінен де», «Жаныңды жадыратар осындай жылы сөздер көп болсын.Әр сәтімізді бөлісіп отыратын байланысымыз болғанына шүкір» — деп жазды желі қолданушылары.
[:]