АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Карантинге жабылған Алматыға кіруге тырысқандар бақылау-өткізу пунктінде видеоға түсіп қалды[:]

[:kz]

Желіде «Алтын Орда» базарындағы бақылау-өткізу пунктінен видео пайда болды. Алматы облысының тұрғындары төтенше жағдай режимінің тоқтаған алғашқы күні қалаға кіруге үміттенуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео инстаграмдағы dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды.

 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

«Алтын Орда» базарының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде таңертең аздаған адамдар болды. Қоғамдық тәртіпті бұзу болмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 кедергілер бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр деп айтылды. Карантинге жабылған Алматының шекаралары жабық. Қазір бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қала тұрғындарына карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды еске салды, сонымен қатар қаланың периметрі бойынша жол тосқауылдарының жұмысы бұрынғы қарқында жұмыс істейтінін атап өтті.

[:]